Жұма, 03 мамыр, 21:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ресейден Қазақстанға әкелінген қызанақтан қауіпті вирус анықталды

22.04.2024

297 0

Сурет: stan.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейден әкелінген 2700 дана пакеттегі қызанақтарда қауіпті вирус бары анықталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанада карантиндік нысан анықталып, вирус анықталған қызанақ дәндері арнайы пеште жойылды.

«Астана темір жол» ФББ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында Ресей Федерациясы аумағынан әкелінген 108 орын немесе 2700 дана болатын бума пакетте қызанақтың тұқымдары қауіпті вируспензалалданғаның анықтады. Өнім елорда аумағына еңгізуге тыйым салынды және «НТП Kazecotech» компаниясының мамандандырылған пешінде өртеу әдісімен жойылды”, – делінген хабарламада. 

Қызанақтың қоңыр қатпарлы вирусы (тобамовирус, ToBRFV) тұқымдарда сақталады және байланыс арқылы тез таралады. Бұл вирустың адам денсаулығына зияны жоқ, алайда Solanaceae тұқымдас барлық дақылдарды зақымдайтын қауіпті патоген. Вирус жаппай таралған жағдайда өнім 80%-ға дейін жойылуы мүмкін.

Сонымен қатар, аталған дерек бойынша ӘҚБК-нің 400-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы негізінде өнім иесіне әкімшілік іс қозғалып, 103 376 теңгеге айыппұл салынды.

“Сондай-ақ, батыс гүл трипсі карантиндік объектісімен залалданған шыққан жері Кения елі 1320 дана раушан, хризантема және гипсофила гүл кескіндері де өртеу әдісімен жойылды. Кодекстің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы негізінде әкімшілік істер қозғалып, өнім иесіне 251 056 теңге айыппұл салынды”, – деп мәлімдеді ведомство.

Зиянкес 250-ден астам өсімдік түрлерін зақымдайды. Оның ішінде жеміс-жидектер мен көкөністер және гүлдер. Зиянкес өсімдіктік жасуша шырындарымен қоректенеді, жаппай таралған кезде өсімдіктің солуына және өлуіне әкеліп соқтыратын қауіпті карантиндік нысан. Яғни өнімнің сапасымен өнімділігін төмендетеді. Одан бөлек, зиянкес қызанақтың қауіпті вирустарын да тасымалдаушы болып табылады. Айта кетейік, зиянкестің адам денсаулығына қауіпі жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: