Сейсенбі, 07 мамыр, 23:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ринат Зайытов: «Антты «серьёзно» қабылдамайтын депутаттар да бар…»

04.04.2023

543 0

Жақында ғана жаңадан жасақталып, қызметіне енді кіріскен мәжілістің VIII шақырылым депутаттарының ант беру рәсіміндегі қобалжығын сәті әлі күнге дейін қазнетте қызу талқыланып жатыр. Дәл осы тақырыпқа қатысты Ринат Зайытов пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы.

Ауқымды аудиторияның алдында тілі күрмеліп толқығандардан бөлек, бірнешеуі қазақ тіліне шорқақ екенін де анық байқатты. Сонымен қатар салтанатты шарадан соң ант беру сәтінде шатасқан депутаттардың видеосы ғаламторда ғарыштық жылдамдықпен лезде тарап үлгерді. Жайлы орынға жайғасқан оларды әзілкештер келеке қылды, азулы айтыскер ақындар жаңадан сайланған мәжілісмендерді мазақ етіп, астарлы әзілмен арнау айтты. Сондай-ақ халық қалаулыларының қобалжыған кезін түрлі образда келеке қылғандардың бейнежазбасы инстаграм мен тиктокта да трендтен түспей тұр.

 
Айта кетейік, әріптестерінің алдында толқып, сөзден жаңылған депутаттың көбісі сол рәсімнен кейін үнсіз қалды. Ал осы уақытқа дейін Alash Pride спорттық лигасының президенті қызметін атқарып, кейін мәжілісмен атанған Данияр Қасқарауов ант беру сәтіндегі келеңсіздікке қатысты бірінші болып пікір білдірді. 

«Ант қабылдау кезінде 98 депутаттың барлығы жақсы айта алмағаны түсінікті. Қобалжулар болады. Қанша дегенмен бірінші рет осылай мәжіліс палатасына келгеннен кейін, дәл шыққан кезде шатасып қалған жағдайлар болды. Антты оқып та айтып беруге болатын еді, көбісі оқып айтып берді. Бірақ өз ойымен, өз сөзімен айтамын дегендердің ішінде шатасып қалғандар да кездесті», – деді Данияр Қасқарауов. 


Ал алғашқыда қалың көпшілікке айтыскер ретінде танылып, таяуда мәжіліс депутаты атанған Ринат Зайытов ант беру рәсімінде қобалжыған әріптестеріне қатысты біраз шындықтың бетін ашты.

«Ант берген депутаттың барлығы ел алдында сөйлеп үйреніп қалған адамдар емес қой. Әртүрлі саланың мамандары. Әркімнің жаттауына, қабылдауына байланысты шығар. Сосын жасыратыны жоқ, кейбір сөйлемдері орыс тілінінен аударылған ба, кішкене сөйлемнің құрылымы дұрыс емес. Шынын айтайын, «ант берген жердің аурасы ауыр болды, қобалждым» деген өтіріктен аулақпын. Өйткені әу баста келгеннен бері мойнымда жауапкершілік бар, ұятқа қалмау бар. Иә, ант қабылдауға барлығымыз үлкен жауапкершілікпен қарадық. Іште қобалжу болуы мүмкін. Болуы да заңдылық қой енді. Бүкіл елдің алдында ант берейін деп тұрсың. Қобалжу деген тек сол антқа дайындығыңның деңгейі шығар. Антты «серьёзно» қабылдамайтын депутаттар да бар шығар, білмеймін», – деді Ринат Зайытов. 


Таяуда ғана тағайындалған депутаттар дәл қазір жұмысқа қызу кіріскендерін айтады. Ал халықтың үні билікке жете ме? Келешек көрсетеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: