Жұма, 29 наурыз, 12:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Сайлау өз деңгейінде өтті

27.07.2021

808 0

Сайлауға байланысты маусым айынан бастап «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Негізгі мақсаты – кешегі өткен ауыл әкімдерін сайлаудың заңға сәйкес ашық әрі әділ өткізілуіне бақылау мониторинг жүргізу. Облыстың 7 ауданындағы 54 сайлау учаскесіндегі ауыл әкімдерінің сайлауында 600-ден аса саяси партия, үкіметтік емес ұйымдардан, сондай-ақ 300-ден астам партиялық емес бақылау орталығының аймақтағы өкілдері  бақылаушы қызметін атқарды.

Сайлау барысында өрескел заң бұзушылықтар болған жоқ. Дегенмен аздаған кемшіліктер кездесті. Мәселен, сайлаушылардың құжатсыз келуі, санитарлық талаптардың дұрыс сақтамалуы орын алды. Алайда олар сайлаудың өту процесіне ешқандай да кері әсерін тигізбеді.

Қазақстанда алғаш рет халық өз әкімін дауыс беру арқылы сайлады. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша жеңіске жеткен әкімдер өзінің мерзімінде адал қызмет етеді деген үміттеміз. Жергілікті халық өз қалаулысын таңдады. Әрі қарай әкімнің жұмысына ауыл тұрғындары өздері баға береді. Мұндай жүйе дамушы мемлекеттерде бір қалыпқа түскен. Алдағы уақытта біздің елде де бұл жүйе үлкен реформаға айналмақ.

Жандос ТҰСМАҒАМБЕТОВ,

«Партиялық емес байқау орталығы»

 республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: