Жұма, 11 қазан, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Сапалық бақылау күшейе береді

20.05.2021

1709 0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін пысықтады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов баяндады.

Облыста автомобиль жол­дарының жалпы ұзындығы – 3397 шақырым. Оның 1016 шақырымы республикалық, 557 шақырымы облыстық, 1824 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 20 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 397 шақырымды құрайтын автомобиль жол­дары мен көпір өткелдері және көшелерді жөндеу жос­парланған.

Жалпы осы жылы рес­пуб­ликалық бюджеттен «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту», «Ауыл – ел бесігі», «Кіші қалаларды дамыту» мем­лекеттік бағдар­ламары аясында 10,8 млрд теңге қаралған.

Облыстық бюджеттен сол жағалаудағы Сырдария өзе­нінің қорғаныс бөгетін бойлай орналасқан магистральды көше құрылысын аяқтауға, Жаңа­қорған ауданының Қожакент, Манап ауылдарының көше­лерін, облыстық маңыздағы авто­мобиль жолдарын жөн­деуге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар облыстық маңызы бар жолдардың бо­йын­дағы 5 апаттық жағ­да­й­да­ғы көпірге және Қазалы ау­данындағы Қарлан учас­кесінде Сырдария өзені арқылы көпір салуға жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мем­лекеттік сараптамадан өткі­зілуде.

Жол жөндеу жұмыстарына қолда­ны­латын материалдардың сапасын және төселген асфальт жабындысынан сынама алып зертханалық тексеруден өт­кізу қызметін көрсетуде «Ұлттық жол активтері сапа орталығы» РМК-мен келісім-шарт жасалып, жалпы 94 көше жолына тексеру жүргізілді.

Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 204 автобус маршруты ұйымдастырылған. Оның ішінде ауданаралық – 71, кентішілік – 101, қалаішілік және қаламаңы – 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент, Жезқазған, Түр­кістан, Сарыағаш, Ақтөбе сынды қала­ларға облысаралық 13 автобус маршруты жүруде.

Облыста автовокзал, авто­станциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 4 автовокзал және 8 автостанса халыққа қызмет көрсетуде.

Қазір Қызылорда қаласы бойынша 25 қалаішілік және 8 қала маңы маршруттары ұйымдастырылған. Күнделікті осы маршруттарда 300-350 аралығында авто­көліктер қыз­мет көрсетіп келеді. «Қызыл­­орда» Автобус Парк» ЖШС балансында 135 автобус бар.

Жиында әуе, темір жол қаты­настары бойынша да ат­қарылған жұмыстар тал­қы­ланды.

Облыс әкімі жол-көлік инфра­­құры­лымына бөлінген қара­жаттың жұмсалуын қатаң бақылауда ұстауды және жол салуда сапаға аса мән беруді тапсырды. Сондай-ақ, қалаішілік, ауданаралық мар­шрут­тарды тиісті деңгейде ұйым­дастыру қажет екенін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: