Бейсенбі, 18 сәуiр, 10:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Сарапшылар: Қазақстанда шай өнімдері қымбаттап кетуі мүмкін

18.05.2021

1841 0

Коронавирус үнді шайының қымбаттауына әкелуі мүмкін. Бұған себеп Үндістандағы аурудың өршіп кетуі. Сарапшылар егер ахуал тұрақталмаса, шетелдік шайдың бағасы 40%-ға артып кетуі ғажап еместігін айтады. Бұл туралы КТК арнасын хабарлайды.

Үндістандағы шай плантацияларына коронавирус зардабын тигізуде. Елдегі 90 плантация биыл жеміс бермеу мүмкін екен. Өйткені шай алқабында жұмыс істейтін адам қалмай жатыр. Мәселен, әлемдегі шай тасымалының ең көп үлесі тиесілі Ассам штатында 500 қызметкер коронавирус жұқтырған. Ал сарапшылар жұмысшылардың азаюы міндетті түрде шай бағасына әсер ететін айтады. 

 «Шай 30-40%-ға қымбаттаса, таңғалмаңыз. Бұған қоса, шайдың аукционда сатылуы да бағаға әсер етеді. Яғни, аукцион арқылы шай сатып алатын ұйымдар үндістандық шайды басқа елдерге сататын болса, өнімнің бағасы көтеріледі», – дейді шай мен кофе өндірушілер ассоциациясының бас директоры Рамаз Чантурия. 

Десек те қазақстандық тасымалдаушылар бағаның әлі өспейтінін айтады. Себебі былтыр сатып алынған шай әлі сатылмапты. 

«Біз өткен жылы қалған сұрыптарды сатудамыз. Яғни, былтырғы шай жапырақтары әлі толығымен сатылмады. Мүмкін 2021-2022 жылы қиындыққа кезегеміз. Бірақ бағаның қымбаттауын әлі байқаған жоқпыз. Алдағы уақытта көре жатармыз», – дейді «Чайкофский» ұйымының басқарушысы Тереза Лынова.

Айта кетсек, Қазақстанға шай 20 елден импортталады. Олардың арасында Үндістаннан бөлек, Кения мен Қытай да бар. Яғни, Үндістандағы жағдай қиындаса, басқа елдерге арқа сүйеуге болады. Үндістанда жылына 900 мың тонна шай өндіріледі екен. Бұл – әлемдегі ең үлкен көрсеткіш. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: