Сәрсенбі, 24 сәуiр, 18:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сарып – қауіпті жұқпалы ауру

21.05.2021

3563 0

Сарып (Бруцеллёз) — Brucella бактериясымен қоздырылатын, зооноздар тобына жататын, жедел және созылмалы түрлерінде өтетін инфекциялық-аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико-бактериемиялық инфекция ретінде, созылмалы түрі – полиморфты клиникалық көріністерімен, көбінесе сүйек-буын, орталық және перифериялық жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тәрізді ұзаққа созылуымен және рецидивті ағымымен сипатталады.

Сарып  кең таралған аса қауіпті инфекция. Бұл инфекция әсіресе мал  шаруашылығы дамыған аймақтарда көптеп кездеседі. Қазақстанреспубликасында сарып ауруы,оңтүстік аймақтарында  кеңінен таралған.

Қызылорда облысы бойынша  2021 жылдың 4 айында сарып ауруымен науқастанған 8 адам есепке алынып, 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 0,9 құрап, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық  1 жағдайға өссе (2020 жылы 4 айда 7 жағдай), 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы аурушаңдық 2 жағдайға артып отыр (2020ж 4 айында 1 жағдай, 2021ж 4 айында 3 жағдай). Жалпы, сарып аурушаңдығы Қазалы ауданында 3 жағдай, Сырдария ауданында 2 жағдай және Қармақшы, Жанақорған аудандары мен  Қызылорда қаласында 1 жағдайдан тіркелді.

Эпидемиологиясы. Бруцеллез — нағыз зооноз. Аурудың негізгі көзі – жануарлар, яғни ешкі мен қой, ірі қара мал, шошқа болып тапбылады. Сарып ауруы адамға көбінесе жанасу мен  алиментарлы жолдар арқылы жұғады. Сондықтан тұрғындар ауру малды төлдету,  қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу кезінде аса сақ болғандары жөн. Төлдеп жатқан малдың жанына арнайы киімсіз, резеңке қолғапсыз баруға болмайды. Өйткені бруцелла бацилласы малдың  қағанақ суында көп шоғырланады.  

Сарып ауруының аурушаңдылығыкөктем-жаз айларына қарай көтеріле бастайды. Себебі бұл кезде сарып ауруы адамға тамақ арқылы жұғады. Яғни шикі және термикалық өңдеуден шала өткен малшаруашылық өнімдерін  (сүт, әсіресе ешкі сүті, сүт өнімдері — қаймақ, ірімшік, уыз, шашлык, стейк, т.б.)  қолданғаннан болады. Атап айтқанда, сүтте, қаймақта, сары майда, ірімшікте бруцеллалар қалыпты температурада 16-20 күн, сүтқышқыл өнімдерінде (простокваша, сүзбе) – 2 күн, ал төмен температурада (тоңазытқышта) – 18-20 күн, әлсіз тұздалған (10%)  және әлсіз қышқыл уызда – 72 күн сақталуы мүмкін. Бруцеллалардың сүтте, әсіресе ешкі сүтінде ұзақ сақталуы оның эпидемиологиялық ролін анықтайды

Етте және ет фаршында бруцеллалар сақталу температурасына және құрамындағы тұздың деңгейіне байланысты 14 күннен 40 күнге дейін тіршілік етеді. Бұл фактор ет өңдеу өндірістердің жұмысшыларына және тутынушыларда үлкен маңызға ие. Әсіресе, жануарлар түсік тастағаннан соң сойылса жүзеге асатын еттің интравитилді залалдануы қауіпті. Түсік тастаған жануарлардың еті аса қауіпті. Бруцеллалардың полипатогенділігі мен едәуір тұрақтылығы олардың тек қана жануар организмінде ғана емес, сонымен қатар сыртқы орта заттарында да сақталуына әсер етеді.

Сарыптың алғашқы клиникалық белгілері:Аурудың клиникалық белгілері біртіндеп басталады. Науқаста дене қызуы көтеріліп, қалтырау мен тершеңдік байқалады. Әсіресе, науқастың дене қызуы кешкілік мезгілде көтеріледі. Науқастың жалпы жағдайы қанағатты болады да, дәрігерлерге қаралмай жүре береді. Бірақ, бұл жағдай ұзаққа созылып (бір неше аптадан 3 айға дейін), науқас дене салмағын жоғалтады.Негізінен буындар ауырып, бұлшық еттер  мен жүйке жүйелері зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер  еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға,  жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады.  Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп  соқ­тырады.

Аурудан сақтану жолдары: Ең алдымен  ауру малдың көзін тез арада жою қажет. Малды төлдету  кезінде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру керек. Сонымен қатар сапалы өңдеуден өткен ет, сүт өнімдерін тұтыну қажет. Ауладағы малдың арасында түсік тастау,  өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек. Әротбасы мал дәрігеріментығызбайланыстаболғаны  абзал.

Диспансеризация. Бруцеллезбенауырғаннауқастар 2 жыл бой диспансерлікбақылаудаболады.

Карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы,  Ж.Д.Утепова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: