Сенбі, 21 желтоқсан, 21:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шетелдік көліктерді 6 ай ішінде заңдастыру керек

15.12.2022

1176 0

ІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелдік заңдастырылмаған көліктерді рәсімдеуге 6 ай уақыт берілетінін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Министрлік өкілінің айтуынша, Президенттің осы мәселені реттеу туралы тапсырмасын орындау үшін Салық кодексі мен Экологиялық кодекске түзетулер енгізілген. Атап айтсақ, Салық кодексіндегі түзету бойынша, заңдастыруға жататын көлікті бастапқы тіркеу үшін төленетін алым 200 мың теңге етіп белгіленбек. Ал, Экологиялық кодекстегі түзету бойынша кәдеге жарату төлемі (утильдік алым) алып тасталмақ.

Ішкі істер министрлігі шетелден әкелінген көліктерді заңдастырудың тәртібін, мерзімі мен шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Қажетті заңнамалық өзгерістер күшіне еніп, тиісті Үкімет қаулысы қабылданғаннан кейін заңдастыру басталады. Заңдастыруды 6 ай ішінде жүргізу жоспарланып отыр, – деді Әкімшілік полиция комитетінің басшысы.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдаланбай, шетелдік көлігін заңдастырмаған адамдарға не істеуге болатынын айтты. 

Заңдастырудан өтпеген көліктердің иелері қайтадан әкелген еліне шығаруы керек болар немесе бөлшектеп, қосалқы бөлшек ретінде сатып құтылатын шығар. Мен басқа жолын көріп тұрған жопын, – деді ІІМ өкілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: