Бейсенбі, 28 наурыз, 16:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Шілде айында жосалы мен жалағаш кенті көгілдір отынға қосылады

23.06.2021

1072 0

Үстіміздегі жылдың шілде айында Жосалы және Жалағаш кентіндегі газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, халық игілігіне беріледі. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Қазалы қаласы мен Шиелі ауданындағы Бекежанов және Қодаманов ауылдары табиғи газға қосылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов баяндады.

– Биыл шаһарға қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауға тиісті қаржы бөлінді. Жобаны толығымен аяқтау мақсатында 2022 жылға Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда, газбен жабдықтауға 8 жобаның сметалық құжаттамасы әзірленуде. Яғни 2025 жылға дейін тиісті жұмыстар жасалып, газбен жабдықтау үлесін 75 пайызға жеткізу жоспарлануда, – деді Ерлан Ералыұлы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: