Сейсенбі, 07 мамыр, 07:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Шымкенттік оқушы көлік дөңгелектерін жуып айына 200 мың теңгедей пайда тауып жүр

22.06.2023

530 0

Шымкентте 10-11 жас шамасындағы бала жұмыс істеп, ақша тауып жүр. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкенттік оқушы жазғы демалысын тиімді өткізіп, ата-анасына көмектесуге нәпақа тауып жүр. Ол автокөліктің дөңгелектері мен әйнектерін жуады.

“Жазда уақытты босқа өткізбей, өзім ақша тапқым келеді. Үйге де көмектескім келеді. Босқа отырып, өмірге шағымданша, жұмыс істеу керек. Күніне 8-10 мың теңге табамын. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, негізінен автотұрақтарға барып, қызметтерімді ұсынамын. 10 көлікті жудым, қазір бес мың теңгем бар. Кейбір ағалар көбірек береді де, мақтап, абай болуды сұрайды», – дейді бала.

Оқушы айына 200 мың теңгеге жуық ақша таба алатынын айтты. Еңбекқор жасөспірім ақшаны анасы мен әпкелеріне беретінін айтты.

«Анама қолғабыс болып, үйге бірдеңе сатып аламын. Өзіме де қалдырамын. Көптеген адамдар “неге жұмыс істеп жүрсің?” деп сұрайды. Неге істемеске? Мен жаспын, үйде отырғаннан не пайда. Көбісі өмірге шағымданып, отыра береді, ал мен өмірімді өзгерткім келеді», – дейді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: