Бейсенбі, 10 қазан, 10:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Славяне жазуы мен мәдени күні аталып өтті

25.05.2021

1640 0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Достық үйінің мәжіліс залында Славяне жазуы мен мәдени күні аталып өтті.  Оған облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Халилуллаев, Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, этномәдени бірлестіктің жетекшілері,  мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.

Айта кету керек, Славян әліппесінің пайда болғанына мың жылдан асты. X ғасырда ағайынды Кирилл мен Мефодий құрған әліппе бүгінде көп халыққа қызмет етуде. Олар ойлап тапқан әліппе ағартушы Кирилл құрметіне «кириллица» деп аталған болатын.

Шарада алғы сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Халилуллаев, бұл күннің маңыздылығына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, славяне әліппесінің құрылу тарихы жайлы айтылып, бірлестіктің белсенді жастары әзірлеген көрініс қойылды. Өлеңдер оқылып, ән шырқалды, қызықты деректерге толы бейнероликтер көрсетілді. Келген қонақтар арасында викторина жүргізіліп, бірнеше сұрақтар қойылды. Қатысушылар әрбір қойылған сұраққа белсенді түрде жауап берді.  

Славяне жазуы мен мәдени күні соңында «Славяне» қоғамдық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова оқушылар мен ұстаздарға Грамота табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: