Бейсенбі, 02 мамыр, 09:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Сот жүйесіндегі реформалар ‑ ел ертеңі үшін»

22.06.2023

860 0

Ширек ғасырдан сәл астам уақыт ішінде еліміз әлемнің дамыған елдерімен теңескен болашағы кемел елге айналды.

Тәуелсіздікке қол жеткізіп, жаңаша даму жолына түскен жылдар ішінде барлық сала ілгерілеп, толысты. Өзінің бағытын нақты ұстанған сот жүйесі де жылдар керуенін артқа тастап, жүргізілген тегеурінді сот реформасының аясында биік асуларды бағындырды.

Сот төрелігін тәуелсіз де бейтарап және әділетті жүзеге асыруды қамтамасыз ету  мақсатында, қылмыстық сот ісін жүргізуіне  алқабилер институты енгізілді, қамауға алуға санкцияны соттың беруі бекітілді, экономикалық, әкімшілік, әскери, кәмелеттік жасқа толмағандар, аса ауыр қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған соттар құрылып қызметін бастады, 2000 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы ұлттық сот жүйесіндегі тарихи уақиға болды. Отандық сот жүйесінің халықаралық дәрежедегі беделі артып, біздің сот жүйесіндегі кейбір озық үлгілер мен бастамалар шетелдік әріптестеріміздің тарапынан қызығушылық тудырды.

Сот жүйесінде атқарылған бірнеше міндетті атап көрсетсек:

– еліміздің басты заңы – Конституцияда соттың мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретіндегі мәртебесі бекітілді;

– заңның үстемдігі сот билігінің негізгі міндеті екендігі, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы айқындалды;

– соттардың істерді қараған кезде ҚР Конституциясының ережелерін тікелей қолдануы алға қойылды;

– сот құрылысы және сот ісін жүргізу туралы заңнамаға халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қағидаттары мен нормаларын іс жүзінде іске асыру, олардың ұлттық заңнама алдындағы басымдығы белгіленді;

– судья лауазымына үміткерлерді іріктеудің жаңа талаптары мен критерийлері қойылды;

– сот жүйесінің материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық және кадрлық дербестілігі, соттарды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бекітілді.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қандайда бір мемлекеттегі реформаның тиімділігі қоғамның дәстүрі, менталитеті және ерекшеліктерімен тікелей байланысты.

Тарихқа үңілетін болсақ, бірқатар шығыс мемлекеттеріндегі әлеуметтік-экономикалық модернизация олардың дәстүрлерімен сәтті үйлесім тапқан, дәстүр-салт қоғамдағы өзгерістердің өзегіне айналып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген.

Дегенмен, сот реформасын жүргізуде кері факторлардың бар екені анықталған, олар: кейбір заңнаманың жетілмегендігі, тұрақсыздығы және қарама-қайшылығы; соттар мен судьяларды материалдық-қаржылық тұрғыда жеткілікті қамтамасыз етпеу; соттардың әкімшілік-аумақтық орналасуына сәйкес жергілікті билік органдарының соттарға ықпал етуі; судья лауазымына келетін кандидаттарға және судьялар корпусына қойылатын талаптардың қатаң болмауы, соның нәтижесінде соттарға кәсіби біліктілігі мен этикасы төмен азаматтардың келуі; сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық; сот аппараттары мен сот қызметін қамтамасыз ететін өзге де қосалқы қызметтердің сапасыздығы және т.б жағдайлар.

Ендігі кезеңде сот жүйесінің реформасы жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге басымдық бермек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Судьяларының VIII съезіне қатысып, еліміздегі сот жүйесінің дамуы және судьялардың мәртебесі туралы ойларымен бөліскен болатын. Президент атап өткен мәселенің түйінін тарқататын болсақ, соттың әділ және тазалық принциптеріне берік болуы үшін қоғам мен мемлекет бірлесе күш жұмсауы қажет. Әлемді шарпыған пандемия кезеңінде еліміздегі шағын және орта бизнес, медицина, әлеуметтік сала және сот қызметі де үлкен сынақтан өткені белгілі.

Мемлекеттік қызмет түрлерінің көпшілігі цифрландырылып жатқанда, сот саласы да осы жаңашылдықтан сырт қалмады.

Сот процестерін жедел және қашықтан ұйымдастырудың оңтайлы тұстары да өз пайдасын тигізіп келеді.

Осы тұста, сот жүйесінде заманауи ақпараттық технологиялардың да енгізілгенін атап өту керек.  Ол «Сот кабинеті» сервисінің тиімді қызметін, республиканың сот отырысы залдарының үн-бейнежазба  қондырғыларымен жабдықталғанын, сондай-ақ, бейнебайланыс қызметі де өте жақсы дамып, өз септігін тигізіп келе жатқандығы туралы  айта аламыз.

Сот реформаларының арқасында қазір аудандық соттардың барлығында электронды құжат айналымы жолға қойылып, талап арыздарды көпшіліктің әлеуметтік желілер арқылы жіберіп, бақылап отыруына жағдай жасалды.

Қағазбастылық­тан арылып, уақытты үнемдеп отырғанымыз да осы реформалардың жемісі екені мәлім.

Соңғы уақытта сот жүйесіне енгізілген Алқабилер соты, медиациялық тәсілмен дауларды шешу тетігінің табылуы қазылар жүктемесін азайтуға үлкен серпін беретін бастамалар болып табылады.

Бүгінгі Қазақстанның сот жүйесі әлемнің ең озық мемлекеттерінің халықаралық деңгейде танылған стандарттарына сәйкес келеді. Сот жұмысының сапасы, оның әділдігі мен ашықтығы – кез-келген мемлекеттің демократиялық дамуының басты факторы.

Сондықтан сот жүйесін модернизациялау мен заманауи тетіктерді пайдалану оның барлық деңгейінде өзекті болып қала беретіні сөзсіз.

А.Күншығарова

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты

әкімшісінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: