Жұма, 06 желтоқсан, 22:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Ғылыми-сарапшылық топтың қорытынды отырысы өтті

29.11.2024

432 0

2024 жылдың 28 қарашасында Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының қорытынды отырысы өтті.

Аталмыш отырысқа Ғылыми – сарапшылық топ мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, ҚХА жанындағы құрылым мүшелері қатысты.

Іс-шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Айтжан Оразбақов жүргізіп, күн тәртібіндегі  мәселелерге сәйкес ойын ортаға салды.

ҒСТ мүшесі Талғат Телеубаев “Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісімнің маңызды тетігі”  және ҒСТ мүшесі Дәулет Омаров “2025 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын талқылау” тақырыптарын қозғады.

Отырыс барысында Ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері жас ғалымдар арасында жоба байқауларын ұйымдастыру, жас ғалымдар клубын құрып, оның құрамына педагогикалық, экономикалық, әлеуметтік бағытта білім алып жүрген жас ғалымдарды енгізу және методикалық жәрдем беру арқылы өңірдегі 11 этнос өкілдерінің тарихын зерттеп, зерделеп, “Сыр өңіріндегі көп этностың тарихы” тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған жинақ шығару жоспарға енгізілді.

Отырыс соңында “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камалов жыл бойына қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында сүбелі үлес қосқан ҒСТ мүшелерін марапаттады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: