Сәрсенбі, 17 сәуiр, 19:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Су тасқыны салдарынан 12 жол жабылды

30.03.2024

391 0

Сурет:zakon.kz

Қарағанды облысында еріген су салдарынан республикалық маңызы бар төрт жол және облыстық маңызы бар сегіз жол жабылды. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар осы жерлерде кезекшілік етеді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Өңірдегі жағдайға байланысты полицейлер көлік жүргізушілерін аз-аздан жіберіп жатыр. Жолдың жабылуы салдарынан 150 көлік жолда тұрып қалған. Жеңіл көліктер мен ауыр жүк көліктері Қарағанды мен Ақсу-Аюлы арасындағы жолда тұр.

«Қарағанды облысындағы жолдардың 37 учаскесін еріген қар суы шайып кетті. Осыған байланысты республикалық және облыстық маңызы бар сегіз жол жабылды. Ақсу – Аюлы ауылының маңындағы Қарағанды – Балқаш жолының учаскесінде еріген қар суы толып кетті, тереңдігі 50 сантиметрден асады. Полиция қызметкерлері жолдарды жапты, олар күшейтілген режимде қызмет атқарады. Қарағандыдан шығар жолда 150-ден аса көлік жиналды. Жүргізушілерді қауіпсіздік мақсатында алыс сапарлардан бас тартуға шақырамыз», – деді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары су тасқыны қаупі бар аймақтардан халықты эвакуациялауға жұмылдырылған.

«Халық Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілді. Біздің қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істейді», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: