Сәрсенбі, 08 мамыр, 12:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Су тасқынынан зардап шеккендерге 107 миллион теңге бөлінді

09.04.2024

365 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірде су тасқынынан зардап шеккен 600-ге жуық отбасыға 107 миллион теңге бөлінгенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде біржолғы әлеуметтік төлемдерді төлеу басталған.

«Қазір 50 АЕК (186 мың 600 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшеріндегі әлеуметтік көмек ретінде 587 отбасыға 107,3 миллион теңге бөлінді», – деді Арман Әбенов ОКҚ-да өткен брифингте.

Әбеновтің айтуынша, бүгінде облыста су тасқыны бойынша жағдай қалыпты.

«Су қоймаларында су ағызуды біртіндеп төмендете бастадық. Мысалы, Қаратомар су қоймасында соңғы тәулікті су ағызу секундына 1 мың текше метрге дейін азайды, секундына 200 текше метр болды. Сондай-ақ, Жоғары Тобыл, Желқуар су қоймасы бойынша су ағызудың төмендеуі байқалады. Мұның сыртында өзендердегі су деңгейі төмендеп келеді. Соңғы тәулікте Тобыл өзенінің бас жағында 71 сантиметрге, Әйет өзенінде 91 сантиметрге төмендеді. Қарасу ауданындағы Тінтуір, Құндызды және Қарасу өзендерінде су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 13-тен 97 сантиметрге дейін көтерілді», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, кейбір ауылдар жарықсыз отырғаны белгілі болды.

«Апат жағдайына байланысты 28 елді мекен жарықсыз қалды. Бүгінде электр бағандары суда қалған. Оларды қалпына келтіру жұмыстары қиынға соғып жатыр. Су кеткеннен кейін жұмысы жалғасады. Су тасқыны кезінде 24 автожолда қозғалыс шектелген, ал 9 жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді», – деді Арман Әбенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: