Жексенбі, 28 сәуiр, 14:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр елінде жастар орталықтарының жұмысын дамытуға бағытталған үйлестіру кеңесі өтті

22.04.2023

667 0

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жастар және отбасы істері» комитетінің төрағасы Қ.Д.Баймульдинов, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ш.А.Байманов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.А.Ерниязова, ҚР-ның АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының басшысы М.М.Есекеева, Қазақстанның барлық аймағынан Жастар ісі жөніндегі басқарма басшылары, барлық облыстардағы Жастар ресурстық орталықтары директорларының қатысуымен Жастар ресурстық орталықтарын дамытуға, ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы, ҚР 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасындағы өзгерістерді кеңінен түсіндіру мақсатында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысында сөз алған Қызылорда облысының әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Асқарұлы Сыр топырағына келген барша қонақтарға және үйлестіру кеңесінің жұмысына сәттілік тілеп, ел дамуының негізі тетігі саналатын жастар саясатының маңыздылығына тоқталды. NEET санатындағы жастармен жұмыста берілетін мемлекеттік қолдаулар мен мүмкіндіктер, өңірлік деңгейде жастарды жұмыспен, баспанамен қамту мәселелерін сөз етті. Сонымен қатар, кірпіші қаланған бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарға тоқталды.

Жиында сөз алған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жастар және отбасы істері» комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов ҚР 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасындағы өзгерістер жөнінде кеңінен талқылады.

Биыл біз Жастар ресурстық орталықтарының 10 жылдық мерейтойын Республикалық деңгейде ауқымды түрде атап өтпекпіз. Осы уақыт ішінде жастар ресурстық орталықтары Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негізгі институционалдық бөлігіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңындағы тұжырымдамалық өзгерістерге қол қойды. Өткен жылы 28 ақпаннан бастап аталмыш Заң өз күшіне енді. Заңға енгізілген өзгерістер аясында жастар категориясы 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Осылайша мемлекеттік жастарды қолдауға бағытталған бағдарламаларды пайдаланатын жастар саны 3,4 млннан 6 млн жасқа дейін көтерілді.

Сонымен қатар жиында комитет төрағасы:

-Жастардың даму индексі;
-Уақытша жұмысқа орналаспаған жастар, яғни NEET санатындағы жастармен жұмыс;
-Жастармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігі мен санаты бойынша;
-Жастардың еңбек жасақтары мәселелеріне тоқталып, жұмыс барысын өңірлік деңгейде жетілдірудің маңыздылығын айтып өтті.

Тұжырымдама жастарды жан-жақты қолдауға негізделген 7 бағыттан, 12 индикатор, 80 іс-шарадан құрылған. Қазіргі таңда барлық жоспар аясындағы жұмыстар жергілікті әкімдіктермен келісіліп, бірлесе жұмыс жүргізілетініне тоқталды.

Шара барысында делегация мүшелері облыстық жастар ресурстық орталығында жергілікті жас кәсіпкерлер көрмесін, әскери-патриоттық мұражайды тамашалады. Өңірдегі жастар саясатының жүзеге асырылу барысын, «Сыр жастары» тұрғынүй бағдарламасы жөнінде, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бөлімінің жұмысымен танысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: