Сейсенбі, 23 сәуiр, 15:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр жастары жалпыұлттық диктантқа қатысуда

04.05.2023

716 0

Бүгін еліміздің барлық аймағында Мемлекет басшысының тапсырмасымен мамыр айының атаулы мерекелері қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктанты өтуде.

Ұлттық бірегейлікті қалыптастырып, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық салт-сананы бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі шараның басты мақсаты. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтап, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуге үндейтін шарада қатысушылар өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге мүмкіндік алмақ.

Аталмыш шараға барша Сыр жастары да асқан қызығушылықпен қатысуда. Тіл тазалығы мен қазақы құндылықтар ерекше сақталған аймақта жастардың мұндай бастамасы көпке үлгі болары анық. Себебі сол арқылы мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп, оның қоғамдық маңызы арта түспек.

Диктант мәтіні – 141 сөзден тұрады. Диктантқа онлайн, офлайн қатысуға мүмкіндік бар. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: