Сейсенбі, 21 мамыр, 17:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Тәліптер Астанаға келмекші

28.02.2024

474 0

Сурет: massaget.kz

«Талибан» қозғалысы биыл жазда Астанада өтетін халықаралық форумға шақырылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Мұны Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. Қазақстанның Кабулдағы елшісі президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Ержан Қазыханның атынан «Талибан» сауда министрлігі басшысының міндетін атқарушы Нуреддин Әзизиге форумға шақыртуды тапсырды.

2024 жылғы 13-14 маусымда Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді.

Бұл форумда әлемнің түкпір-түкпірінен үкімет делегаттары мен бизнес жетекшілері бас қосып, қазіргі заманның ең өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтайды.

Форумға қатысушылар сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы мәселелерін талқылайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: