Жұма, 17 мамыр, 11:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз

08.04.2023

1550 0

Тәуелсіздік деген сөзді естігенде ең алдымен көз алдымызға байтақ әлем, ашық аспан астында өмір сүріп жатқан бақытты халық елестейді. Тәуелсіздік сөзінің өзі үлкен абырой, көп күш-жігерді, қайсарлық пен батылдықты дәріптейтін дүние. Ал біз ең алдымен қазақтың қайсар батыр бабаларын еске аламыз. Себебі осы тәуелсіздіктің ауасын жұтып, сонымен өмір сүріп жатқанымыз батыр бабаларымыздың арқасында екені сөзсіз. Жалпы, тәуелсіздік сөзін әр адам түрлі қабылдап, түрлі ой мен көзқарас білдіруі мүмкін. Ал менің түсінігімде «Тәуелсіздік» деген не?

Қазақ халқының  тәуелсіз ел болуы­на дейінгі ғұмыры қандай қиын болды десеңші… Расында, бұрын ата-бабаларымыз тәуелсіз ел болуды аңсап, сол тәуелсіздік жолында күресіп, өз жанын құрбан етті. Себебі бұл егемендікті алу ешқашан оңайлықпен келмеді. Бұл батыр бабаларымыздың төккен қанымен шайқастағы ерлігінің нәтижесі.

Тәуелсіздікті аңсаған бабалар ар­манына біз жеттік. Олардың басты арманы тек тәуелсіздік жолындағы кү­ресте жеңіске жету.  Бодандықтан құтылу емес, сол тәуелділіктен мәңгі азат болу, ашық аспан астында мәңгі, бірге ешкімнің ықтиярында жүрмей, халқының тәуелсіз ел болуын мақсат етті. Сондай-ақ тәуелсіздікті бізге аманаты етіп қалдырды.

Біздің тәуелсіздік тарихында небір батырлық дастан мен оқиғалар мәңгі өшпес жазумен жазылған. Олар біз үшін ешқашан өшпейтін мұра. Себебі бұл әрбір қазақ білуге тиіс үлкен тарих. Негізінен, менің түсінігімде «Тәуелсіздік» – тәтті арман, сол арманға жету жолындағы батырлық нәтижесі. Мен осы тәуелсіздік ұғымын осындай теңеумен сипаттар едім. Осы тұста «Таласқа түссе жан мен ту, жан емес маған керегі, көк тудың желбірегені», – деген өлең жолдары батыр бабамыздың жасаған ерліктеріне дәйек болары сөзсіз.

Міне, менің түсінігімде тәуелсіздік ұғымы осы айтылған құндылықтармен өлшенеді. Тәуелсіздік ол – мәңгі бақыт, таусылмас жыр-дастан, өшпес тарих. Ал оның тұғыры мәңгі берік болып жалғасуы бізге байланысты.

Зейнеп БЕЙБІТҚЫЗЫ,

№257 орта мектептің оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: