Сейсенбі, 21 мамыр, 05:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті

07.04.2024

358 0

Бүгін «Тағзым» алаңында Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті.

Шарада қалалық мәслихат төрағасы
Ибадулла Құттықожаев ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі.

  • Бүгін біздер ұрыс-соғыс оқиғасында қаза болған ағаларымыздың рухына бас иіп, тағзым етеміз. Қазақ қашанда «Ер – елдің қорғаны» деп, ер-азаматтың қоғам алдында биік бағасын асырып, мерейін тасыта білген халық. Сондықтан, азаматтық пен батырлықтың биік үлгісін көрсеткен сарбаздар ерлігі қашанда ел есінде, – деді Ибадулла Дүйсенбайұлы.

Тағылымды шарада Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылды. Ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағышталды. Шара соңында ардагерлер тал егіп, игі іске жұмыла кірісті.

Айта кету керек, жыл сайын елімізде 7 сәуір Тәжік-Ауған жеріндегі бітімгершілік операциясында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күні ретінде аталып өтіледі. 8 жылға созылған әскери қақтығысқа сегіз жарым мың қазақстандық қатысса, оның 46-сы ажал құшты. Майдан даласында 100-ге жуық сарбаз жараланып, бірқатары мүгедек болып елге оралды. Сыр өңірінен 400-ге жуық жерлесіміз аттанып, Отан алдындағы борышын адал атқарды. Отанға қажет кезде жауынгерлік саптан табылған батырларымыздың өмірі бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: