Дүйсенбі, 13 мамыр, 00:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Талантты жастарға жол ашқан өнер додасы

19.04.2023

719 0

Облыстық жастар орталығының бастамасымен бір апта бойы жалғасқан “JASFest – 2023” студенттік өнер фестивалі бүгін өз мәресіне жетті. Өнер фестивалі талантты жастардың шығармашылық шыңдалуына жол ашып ғана қоймай, музыкалық мәдениет пен өнерді жандандыруға, жаңа таланттарды ашуға және қолдауға бағытталды. Жастардың рухани әлеуетін көтеріп, шығармашылық өсуіне мол мүмкіндік қарастырылған өнер додасына аймақтағы 15 оқу орны қатысуға өтініш білдірді.

Бір аптаға жоспарланған өнер додасында жастар эстрада және заманауи әндер, дәстүрлі және заманауи билер, күй өнері, поэзия жанры, бейнероликтер байқауы, Жайдарман, театрландырылған көрініс жанрлары бойынша сынға түсіп, өзара жеңіс тұғырына таласты.

Өнер фестивалінің жастар орталығында ашылу салтанаты өтіп, орталық директоры Талғат Оспанұлы барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Құрметті дарынды да талантты жастар! Еліміздің ертеңі, мәдениет пен өнердің жанашырлары! Бүгін баршамыз облыстық өнер фестиваліне жиналып отырмыз. Сыр елі өзі мәдениет пен дәстүр, ұлттық өнер ошағы іспеттес. Түркі жұртын тоғыстырған дәстүрлі өнердің түп-тамыры орналасқан қасиетті мекен. Талай дүлдүлдер, ақын-жырау, сал-серілерді тудырған топырақ. Сол серілердің жалғасы өнерлі жастар – сіздерсіздер. Бүгін сынға түскелі отырған барша өнерпаздарға тек сәттілік тілей отырып, үздіктер жеңіске жетсін деймін, – деді Т.Тілес.

Алғашқы күні дәстүрлі және заманауи ән жанры бойынша 9 қатысушы өзара бақ сынады. Ән сайысына Мәдениет қайраткері, облыстық филармония әртісі – Үміт Медеуова, әнші, жас жұлдыз – Бекзат Молдабергенов және облыстық филармония конференсьесі Амандық Жаппарбердиев қазылық етті.

Ал поэзия жанры бойынша үздік деп танылған 4 қатысушы, күй өнері бойынша 3 қатысушы, «Жайдарман», театрландырылған көрініс жанрлары бойынша 3 командадан және бейнеролик сайысынан ең креативті және сапалы деп танылған 3 қатысушының туындысы гала концертте өз өнерлерін көрерменге ұсынады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: