Жексенбі, 16 маусым, 11:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Талғар өзеніндегі су деңгейі көтерілген

23.05.2024

198 0

Сурет: enbekshikazakh_audan_akimdigi

Алматы облысындағы Талғар өзеніндегі су деңгейі көбейіп кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбейуіне байланысты Ават ауылдық округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды шайып кетті, су ағынының ұлғаюы нәтижесінде жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады.

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Ескендірұлы Байедиловтың тапсырмасы бойынша Ават ауылдық округінің әкімі Момунжан Акваржанович Исламовтың ұйымдастыруымен су басу болдырмау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс барысында «АКНМ» ЖШС, «АсфальтоБетон» ЖШС, «ДСУ-13» АҚ «Хан Элит Строй» ЖШС мекемелерінен 12 адам және 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өзен арнасын тереңдету және нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Ават ауылдық округі әкімінің аппаратымен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: