Сенбі, 04 мамыр, 02:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Терезелері ашылмайды»: Атырау тұрғыны пойыздын жағдайына шағымданды

10.07.2023

658 0

Атырау қаласының тұрғыны Атыраудан Дина Нұрпейісова атындағы станция аралығында жүрген поездың жағдайына шағымданды. Жолаушы желдеткіші жұмыс істемейтін, терезелері ашылмайтын вагон ішінде денсаулығы сыр бергенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  Жолаушы мерекелік демалыс күндері Құрманғазы ауылындағы туыстарына бармақ болған. алайда сапары ыстық поездың ішінде сәтсіз басталса керек. Айтуынша бе вагоннан тұратын поезд ішінде кондиционерлер болған. Алайда ешқайсысы жұмыс істемеген. Оның үстіне терезелер де кей вагондарда мүлдем ашылмайтын кейіпте болған.

“Азапты 5 сағатты ешқашан ұмытпаймын. Адамдар тұншығып қала жаздады. Менің қан қысымым көтеріліп, құдайдан дәл осы жерде өліп қалмауымды сұрадым. Соңғы екі күнде аймақта +45 градус қатты ыстық болған еді. Ал вагон іші +60 градустың көлемінде қызып тұрды. Барлық вагондарда терезелер ашылмайды. Пойыз қозғала салысымен жолсеріктен желдеткіштің қашан қосылатынын сұрасақ, ол бізге “бұлар жай көрініс үшін тұр” деп жауап берді. Көлік ішінде адам төзгісіз ыстықтан тынымсыз жылап жатқан кішкентай балалар көп болды”, – деді тұрғын.

Жолаушының сөзінше, Ганюшкино вокзалына билет құны 2785 теңге тұрады екен. Ал таксимен жүру қауіпті әрі қымбат. Қарапайым күндері 5 мың теңге сұрайтын такси жүргізушілері мереке күндері 7-8 мыңға көтереді екен.

“Бұл не сұмдық? Пойызға сәбилерімен аналар, жүкті әйелдер, жүрегі ауыратындар, қарттар мінеді», – деп жазды ол.

«Атырау – Дина Нұрпейісова» бағытындағы станцияға теміржол пойызы 2021 жылдың 17 тамызында іске қосылған. Бұл бағытта жолаушыларды тасымалдау бойынша тендерді «Отпан Логистик» компаниясы жеңіп алған. Бұл мәселе бұған дейін де бірінеше рет көтерілген. Өткен жылдың шілде айында «Отпан Логистик» ЖШС-нің бөлім меңгерушісі Нұркен Қайыров 2023 жылы кондиционері бар дизельді вагондарды сатып алу жоспарланып отырғанын және олар қазірдің өзінде жоғары тұрған органдарға ұсыныс жасап, жауап күтіп жатқанын жеткізген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: