Сенбі, 20 сәуiр, 02:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Төреғали Төреәлі үлкен қызының сырқатына байланысты Қызылордаға қоныс аударды

05.06.2023

797 0

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің отбасымен Алматыдан Қызылордаға көшіп кетуінің себебі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің қарындасы Дина Төреәлі ағасы мен жеңгесінің тұңғыш қызы Кәусардың сырқатына байланысты Қызылордаға қоныс аударғанын айтты.

“2019 жылы Қызылорданың ыстық жазын да, суық қысын да көрдік. Бірақ әйтеуір қазақтың жерінде жүргенімізге мәзбіз. Себебі, сол уақытқа дейін шөжем (Кәусар) Қытайдың түрлі қалаларында ем алатын. Ол жақта баланы көзіңше аямай шыңғыртып, неше түрлі нәрсе жасап, жүрегіңзі езіп қолыңа беретін. Кішкентай болса да бүкіл қытайға мен қазақпын деп әйтеуір ыммен түсіндіріп патриот болып жүретін. Қытайға арасында 15-20 күнге ғана барып кететінмін. Ол жақта бүкіл жағдай жасалса да, бәрібір Қазақстанды, үйді сағынып іш құса болатын еді. Бір кездері еміне “Дина тәтем апармаса бармаймын” дегенді шығарды. Кәусардың жыл сайын ізінен ерген іні-сіңлілері бар. Бәрімен бірге жүру жеңешеме ауыр болып кеткен соң Кәусарыма өзім қараймын деп шештім. 2019 жылы Қызылордада Сәкен атасымен жарты жылдың ішінде мықты нәтиже көрдік. Аяғына тұрып, еш жерді ұстамай 7-8 қадамды өзі жасай алатын. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмады. Қыстың кезінде қатты ауырып Алматыға қайтып келдік. Ұзақ уақыт үзіліс болғандықтан жарты жылда үйренгендерін ұмытып қалды”, – дейді Дина Төреәлі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: