Сенбі, 04 мамыр, 05:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Су тасқыны салдарын жоюға бөлінген қаржы жымқырылған

23.04.2024

410 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді. Өйткені бірнеше облыста ақша жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов ақшаның қалай жұмсалып жатқанын тексеруге тапсырма берді.

«Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет», – деді Малахов.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

ҚМА басшысы орын алған су тасқыны салдарды жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану мен көмек зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылған. Залалдың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты.

Сонымен қатар зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тексеріс те жүреді.

Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды.Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасады. Агенттік сонымен қатар құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: