Бейсенбі, 09 мамыр, 18:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Түнгі уақытта мешіттерге тегін автобус қатынайды

11.03.2024

319 0

Сурет:el.kz

Астанада қалалық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев түнгі уақытта елорданың ірі мешіттерінен автобустар ұйымдастырылатынын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Биыл Ораза айт мерекесі 10 сәуірге жоспарланған. Оразаның өзі 30 күнге созылады. 5-6 сәуірге қараған түні қасиетті Қадір түні деп белгіленді. 

Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді спикер.

Мәселен, әкімдік 11 наурыздан 9 сәуірге дейін халықты қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта елорданың ірі мешіттерінен автобустар ұйымдастырды (сағат 22.00-ге дейін):

–  «Әзірет Сұлтан» мешіті;
– «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті;
– «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті;
– «Ырыскелді қажы» мешіті;
– «Рахымқызы Райса ана» мешіті.

Сонымен қатар, Рамазан айының күндерінде өзекті діни мәселелер бойынша «109» Call-center арқылы тәулік бойы ақпарат алуға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: