Сейсенбі, 30 сәуiр, 19:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Түсінде қасқыр көру нені білдіреді

26.06.2023

1479 0

Түс көру – кез келген адам ұйықтау кезінде бастан кешетін процесс. Бұл ретте оқырмандар назарына ислам бойынша түс жоруға сүйене отырып, түсіңде қасқыр көру нені білдіретінін анықтап көрдік, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ислам түсінігі бойынша түс дегеніміз не? Түс – адамның ұйықтап жатқан кезде көретін құбылыстары. Бұл жөнінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мынадай хадисі бар: «Егер ақырзаман жақындаса, мұсылманның көрген түсінің бәрі шын бола жаздайды. Сөзі шыншылдың түсі де шыншыл. Мұсылманның түсі – пайғамбарлықтың қырық бестен (алтыдан) бірі, түс үш түрлі: ізгі түс Алладан сүйінші және қайғыртушы түс, шайтаннан және ойында жүрген нәрсені түсте көру. Егер біреулерің түсінде ұнамайтын нәрсе көрсе, тұрып намаз оқысын да, адамдарға айтпасын». Түс жору бойынша имам саналатын Ибн Сирин бұл хадиске мынадай анықтама береді: Болмашы түстердің шайтанға тіркелуі нені білдіреді? Өйткені сол шақырушы негізінде Алла адамның барлық жақсы-жаман түсін жаратады. Ал адам жақсы түс көрсе, мына хадиске амал ету керек: «Жақсы түс Алладан, біреулерің жақсы көретін нәрсесін көрсе, тек жақсы көретін адамына айтсын және тек насихатшыл (дұрыс) адамға немесе ғалымға айтсын». muftyat.kz сайтында жарияланған «Түс жору» жазбасында жаман түс көрген соң мынадай әрекеттер жасаса, ол адамға ешқандай зиян тимейді делінген: Шайтанның және көрген нәрсесінің жаманшылығынан Аллаға сыйынып дұға жасау; Сол жағына үш рет түкіру (сүф-сүф деп айту); Жатқан жамбасынан ауысып екінші жағымен жату; Көрген түсін ешкімге айтпау. Ислам дінінде түс жоруға қатысты не ескерілуі керек? Ислам дінінде түсті жорытуда өте сақ болу керегі ескертіледі. Діни түсінік бойынша түсті көрген мезеттен көп ұзатпай жорытқан дұрыс деп саналады. Мұсылмандар түсті ізгі адамға жорытады, бақсы-балгерлерге түс жорытуға болмайды деген түсінік бар. Ислам дінінде түс жору Юсуф пайғамбардың мұғжизасы болған деген дерек келтіріледі. «Түс жору» мақаласында түсті дұрыс жору және кез келген адамға жорытпау керегі туралы мынадай мысал әңгіме жазылған: «Кезінде үлкен қария түс жорумен танылып, оны жан-жақтан адамдар іздеп келеді екен. Бірде бір келіншек басқа ауылдан іздеп келсе, қызы әкесінің сапар шегіп кеткенін хабарлайды. Сөйтіп келген келіншектен жөн сұрайды. «Мен түсімде омырауымды екі қасқыр жеп жатқанын көрдім», – деп түсін айтады. Сонда сауатсыз қызы: «Ойбай, сізді қасқыр жейді екен ендеше!» – деп жориды. Әкесі қайтқан соң, оқиғаның мән-жайын айтқанда: «Тентек неме, егіз ұл босанатын келіншекті қасқырға жем қылыпсың ғой!», – деп қызына зекіп жіберіпті. Арада біраз уақыт өткен соң әлгі келіншекті қасқыр талағаны жайында хабар жеткен екен. Ислам діні бойынша түсінде қасқыр көру нені білдіреді? Дін ғалымдары түсінде қасқыр көруді жаудың келуімен, кей жағдайда ұрымен байланыстырады. Жыртқыштың үйге кіргенін түсінде көрген адамның үйіне қарақшылар түсуі де ықтимал. Түске кірген қасқыр лайықсыз әрекет немесе қылмыс жасады деп күдіктенген адамды да бейнелей алады. Алайда ол адам шын мәнінде кінәсіз болуы мүмкін. Мәселен, «Юсуф» сүресінде былай делінген: «Әй, Әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Юсыпты нәрселеріміздің жанына тастап кетсек, сонда оны қасқыр жепті. Енді шын айтсақ та, бізге сенбейсің ғой» – десті. Бұл жағдайда Яқуб (ғ.с.) пайғамбардың балалары оған өтірік айтқаны туралы айтылып тұр. Олар әкесіне Юсуфты (а.с.) қасқыр жегеніне сендіруге тырысты, ал шын мәнінде олай емес еді. Ормандағы қасқыр. Көрнекі сурет: pixabay.com Ибн Сириннің түсіндірмесі бойынша түсінде қасқыр көру нені білдіреді? Ғұлама Ибн Сирин адамның түсінде қасқырды көруіне байланысты мынадай түсіндірме жасаған: Егер адам түсінде қасқырдың өзін қуып келе жатқанын көрсе, бұл алдағы өмірі үшін үнемі қорқып, алаңдайтынын әрі оны психологиялық қысым басқаратынын білдіреді. Түсінде қасқыр адамның қасына жақындап, шабуыл жасап, тістеп алса, бұл жағымсыз істердің белгісі. Кімде-кім түсінде қасқырдың өзіне шабуыл жасап жатқанын, алайда оны өлтіріп, құтыла алса, адамның болмысындағы жағымсыз қасиеттерден арылуды білдіреді. Сондай-ақ алдағы уақытта оның өмірі әлдеқайда жеңіл бола түсіп, тосынсыйлар күтеді. Ер адамның түсіне қасқыр кіру нені білдіреді? Егер ер адам түсінде қасқырлардың өзіне шабуыл жасап жатқанын көрсе, онда бұл оған жақын адамдарының қастандық жасауы мүмкін екенінің белгісі. Қасқырдың ер адамға шабуыл жасағаны қызметіндегі өзгерістерді білдіреді. Отбасылы ер адам түсінде қасқыр көрсе, бұл оның айналасындағыларға әділетсіздік пен зұлымдық жасап, психологиялық тұрғыдан зиянын тигізетінінің көрінісі болуы да ықтимал. Үйленген адамның түсінде қасқырды көруі жұп арасында күйзелістің бар екенін аңдатады. Орманда ұлыған қасқырлар. Әйелдің түсіне қасқырдың кіруі нені меңзейді? Тұрмыстағы әйел түсінде қасқыр көрсе, бұл оның жарының мінезі нашар екенін білдіреді. Отбасылы әйел түсінде қасқырдың үйіне жасырын кіріп келе жатқанын көрсе, бұл оның туыстарының бірі мүлкін талан-таражға салғысы келетінін көрсетеді. Түсінде қасқырдың әйелге шабуыл жасауы оның қарыздардың жиналуы секілді қиын кезеңді бастан кешіп жүргенін аңдатады. Егер әйел адам түсінде қасқырдың өзіне шабуыл жасап жатқанын көрсе, бірақ оны өлтірсе, онда өмірдегі жағдайы жақсарады. Жүкті әйелдің түсінде қасқыр көруі неден хабар береді? Жүкті әйелдің түсінде қасқырды көруіне қатысты мынадай түсіндірме бар: Жүкті әйел түсінде қасқыр көрсе, ол жақын арада ұл баланы дүниеге әкеледі делінеді. Аяғы ауыр әйел түсінде қасқырдан қорықса әрі жыртқыш аң оған зиян тигізуге тырысса, бұл әйелдің денсаулығына байланысты мәселелердің бар екенін меңзеуі мүмкін. Иісі мұсылман қазақ халқы түсті жақсылыққа жору керегін айтады. Сондықтан да қандай түс көрсеңіз де, оның жақсы тұстарын көре білген абзал.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: