Сенбі, 20 сәуiр, 07:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Тұрсынбектің жары тағы да оғаш қылығымен көзге түсті

17.05.2023

1358 0

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанованың биі тағы да желіні жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Күні кеше отандық эстрада жұлдыздар әнші Ғазизхан Шекербековтың қуанышында бас қосты. Ғазизхан Шекербеков ұлы Димаштың сүндет тойын дүркіретіп атап өтті. Тойда әншінің өнердегі әріптестері Мейрамбек Бесбаев, Мөлдір Әуелбекова, Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева, Жазира Байырбекова, Қайрат Нұртас, Дана Кентай, Әбдіжаппар Әлқожа, продюсерлерден – Гүлзира Айдарбекова, Мөлдір Мұқанова бой көрсетті. Мөлдір Мұқанова тойдың алғашқы қонағы болды. “Бірінші болып келген қонағыңа сыйлығыңды дайындай бер”, – деп жазды ол парақшасында Ғазизхан Шекербековті белгілеп.

Отандық шоу-бизнес өкілдері қуаныш иелеріне ақжарма тілектерін арнады. Сүндет той Димаш Ғазизханұлының биімен басталды. Кейін танымал хитмен Қайрат Нұртас ән айтса, Мөлдір Мұқанова мен Әбдіжаппар Әлқожа ерекше биімен көзге түсті. Бұған дейін шоумен, әзлкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанованың биі желіні шулатып, продюсер сынның астында қалған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: