Сәрсенбі, 01 мамыр, 12:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Үйлестіру кеңесінде өңірлік жастар орталықтары өз ұсыныстарын айтты

22.04.2023

699 0

Үйлестіру кеңесі отырысында өңірлік Жастар ресурстық орталықтары жастармен жан-жақты жұмыс жүргізілу барысын, өңірлерде жастарды мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалдастық етуге бағытталған шаралар кешені және жастармен жұмыста тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Аида Искакова орталық қызметкерлерінің жалақысын көтеру механизмдерінің өз тәжірибелеріне негізделген нұсқасын ұсынды.

Бүгінгі таңда жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне 70% мөлшерінде ынталандырушы үстемақы қаражатының салынғанын және орталық қызметкерлері әртүрлі санаттағы жастарға қызмет көрсетуі жалақыға қосымша ақы алуына басты негіздеме болып табылатындығына тоқталды.

Сонымен қатар, жиын барысында қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқыту, жастар орталықтарының жұмысына сараптама, бағыт-бағдар беру, өзара жұмыс тиімділігін арттыру бойынша әр өңірдің жастар ресурстық орталықтары директорылары мен Жастар ісі жөніндегі басқарма басшылары өз ұсыныс-пікірлерін айтты.

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Мыңбаев әр өңірде жұмыс жасау бағытының әртүрлі екенін айта келіп, барлық өңірдегі жұмыс бағытын, жоба, шараның өткізілу форматын біріздендіруді ұсынды.

Маңғыстау облыстық ЖРО директоры Мақаш Оралбай бірнеше пункт бойынша, атап айтқанда жастардың жалақысын көтерудегі үстемақы мәселесі, жастардың репродуктивті денсаулығы, Жастар денсаулығы орталығының жүйесіз жұмысын реттеу мәселелерін көтерді. Штаттық бірлікті стандарттау, Жастар ресурстық орталықтарының құрылғанына 10 жылдық мерейтойы қарсаңында республикалық жастар форумын ұйымдастырып, оған мемлекет басшысының тікелей қатысуын әрі жастармен бүгінге дейінгі мәселелерді ашық алаңда талқылауға мүмкіндік берілуін сұрады.

Жиын соңында Жастар ресурстық орталықтары арасында ұйымдастырылған үздік ақпараттық материалдар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: