Жұма, 06 желтоқсан, 22:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Үкіметте дипломы жоқ жастарды қолдау туралы қаулы қабылданды

19.04.2023

570 0

Үкіметте білімі мен жұмысы жоқ жастарды қолдау туралы қаулы қабылданды деп хабарлайды Информбюро жаңалықтар бағдарламасы.

Дипломы жоқ жастар үшін бірнеше жұмыспен қамту бағдарламалары көбейеді. Сонымен қатар екі өңірде мамыр айынан бастап еңбек жасақтары құрылмақ.

NEET санатындағы жұмыссыз және оқуы жоқ жастар жұмысқа орналаса алады. Мұндай қаулы Үкіметте қабылданды. Бүгінгі таңда Қазақстанда дипломы жоқ жұмыспен қамтылмаған жастардың үлесі 6%-дан сәл асады. Енді осы санаттағы адамдармен білікті кадрлар жұмыс істейді, олар сізге қайда білім алу керектігін және қайда жұмысқа орналасу керек екенін айтып, көмек береді. 

“Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында еңбек жасақтары іске қосылады. Екі өңірде 300 адамнан 600 жасты қамтимыз, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 30 мың адамды қамтуды көздедік”, – деді АҚДМ жастар және отбасы істері Комитеті басқармасының басшысы Мәнсия Есекеева. 

Қаулыға сәйкес, еңбек министрлігінде жастардың жұмысқа орналасуына белсенді жәрдемдесу қажет. Қазір жұмыспен қамту «Бірінші жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары бойынша ұлттық жоба шеңберінде қамтамасыз етілуде. Бұл –  тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін танымал бағыттар.

“Бұл – белгілі бір кедергілерді жеңуге және қажетті дағдыларды алуға мүмкіндік беретін іс-шаралар. Жұмыспен қамту орталықтары қысқа мерзімді оқыту сияқты көмек көрсетеді. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша тиісті дағдыларды алуға болады”, – деп мәлімдеді еңбек нарығын дамыту басқармасының басшысы Злиха Сейтова.

Мамандардың айтуынша, білім алуға көптеген мүмкіндіктер бар. Әсіресе ,Үкімет көптеген гранттар бөлетін орта техникалық білім беру саласына оқу қолжетімді. Алайда жастардың оған құлшынысы жоқ. Осы тұста экономистер менталитет пен сананы өзгерту керек деп санайды. Себебі елде адвокаттар көбейіп, дәнекерлеуші, аспаздар мен ветеринарлардың жетіспеушілігі байқалады.

“Міндетті түрде жоғары білім дипломын алудың қажеті жоқ. Халық пен жастар арасында менталитетті өзгерту керек. Орта-арнайы бейінді білім дипломымен де жақсы табыс табуға болады. Билік пен министрліктер осыны көбірек айтуы қажет”, – деді экономист Арман Байғанов.

Экономистердің айтуынша, елде техникалық мамандардың жетіспеушілігі сезіледі. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында агрономдардың, механизаторлардың және тіпті ветеринарлардың тапшылығы бар. Сарапшылар мамандық таңдағанда оның беделі мен мәртебесіне емес, еңбек нарығындағы сұранысқа басымдық беру керек деді. Содан кейін жоғары білім дипломынсыз-ақ, сұранысқа ие маман болу әбден мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: