Жұма, 26 сәуiр, 11:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ұрланған тастар орнына қойылды

17.05.2023

622 0

Шарлар алқабынан алынған тастар қайта орнына қойылды

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шарлар алқабынан шығарылған бірнеше тас орынына қайтарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. «Тастар орындарына қайтарылды. Болашақта мұндай фактілер қайталанбауы үшін жүргізушімен де профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп хабарлады министрлік. Еске сала кетейік, бұған дейін белгісіз біреулер Маңғыстау облысындағы «Шарлар алқабынан» ерекше тастарды әкетіп жатқаны видеоға түсіп қалып, желіде тарағаны туралы жазған болатынбыз. Оқиға полицияның назарына іліккен. Жүргізушінің жеке басы анықталды, бірақ полицейлер оны жауапкершілікке тартқан жоқ, тек профилактикалық әңгіме жүргізді. Жүк көлігінің жүргізушісі тастарды орнына қайтаруға уәде берді. Кейін шарлар алқабы орналасқан Торыш шатқалы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кірмейтіні хабарланған болатын, бірақ резонанс туындағаннан кейін ол мемлекет қорғауына алынуы мүмкін екені белгілі болды. Жақын арада бұл мәселе Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауына ұсынылмақ. Мамандар арнайы жоспар құрып, оның аясында техникалық-экономикалық негіздеме әзірлейтін болады. Шарлар алқабы туристер арасында өте танымал. Онда ретсіз түрде орналасқан әр түрлі көлемдегі дөңгелек тастар бар. Ғалымдар бұл пішін қалай қалыптасып, қайдан пайда болғаны туралы жылдар бойы басын сындыруда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: