Сейсенбі, 23 сәуiр, 14:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

VIII сайланған Мәжіліс депутаттары ант берді

29.03.2023

466 0

VIII сайланған Мәжілістің депутаттары ант беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – делінген ант мәтінінде.

Бұған дейін VIII сайланған Мәжіліс депутаттарының толық тізімі жарияланған болатын.

19 наурыз күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауға елімізде ресми тіркелген 7 партияның барлығы қатысты. Олардың ішінде тек «Байтақ» партиясы ғана шекті 5 пайыздық межеден аса алмады. Ал, «Amanat» партиясы сайлаушылардың – 53,90, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90, «Respublica» партиясы – 8,59, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41, «Қазақстан халық партиясы» – 6,8, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» 5,20 пайыз дауысын жинады. Осылайша, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында «Amanat» партиясына – 40 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8 мандат, «Respublica» партиясы – 6 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6 мандат, «Қазақстан халық партиясы» – 5 мандат, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына» 4 мандат бұйырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: