Сенбі, 04 мамыр, 07:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Зейнетақы мен жәрдемақы көбейді

04.06.2022

965 0

Зейнетақы мен жәрдемақы бүгінде кей отбасының күнкөріс көзі болып отыр. Дегенмен бүгінгі нарықтың бағасын айтқанда зейнетақы мен жәрдемақы бір отбасыны асырауға жетпейтіні анық. Сондықтан да зейнеткерлер зейнетақы өсті десе қуанады.

Осы айдан бастап ол кісілердің қаржысына қаржы қосылып, зейнетақылары өсті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандықтар жоғарылатылған зейнетақы мен жәрдемақыны маусым айынан бастап алады. Сондай-ақ маусым айында оларға сәуір және мамыр айларының қосымша төлемдері беріледі. 12 мамырда қабылданған заңға сәйкес 1 сәуірден бастап 2022 жылға арналған инфляциялық дәлізді қайта қарауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘҚҚ) ынтымақты зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4 процентке өсіп отыр. Сонымен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мен жәрдемақы да 4 процентке өскен.

Заңға сәйкес, 1 сәуірден бастап:

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3180 теңге мөл­шерінде;

ең төменгі зейнетақы – 48032 теңге;

ең төменгі күнкөріс деңгейі (ӨМ) – 37389 теңге;

базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20191 теңге.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: