Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Зейнеткер лифт шахтасына құлап қаза тапты

14.08.2023

366 0

Түркістанда зейнеткер лифт шахтасына құлап қаза тапқан болатын. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz

Ведомство мәліметінше, 1949 жылы туған науқас жедел жәрдем көмегімен 13 тамызда сағат 18:15-те Түркістан қалалық орталық ауруханасының жарақат бекетіне түскен.

«Келген кездегі науқастың жалпы жағдайы өте ауыр болды. Кезекші реаниматолог, хирург, травматолог, кардиолог дәрігерлері қарап жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатқанда, науқастың жағдайы күрт төмендеді. Өкпе-жүрек реанимациясы жасалып, 50 минут шамасындағы алғашқы өкпе-жүрек реанимациясы өз нәтижесін бермеді. Сағат 18:40-та клиникалық өлім тіркелді. 19:30 биологиялық өлім тіркелді», – деді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Түркістанда лифт шахтасына құлап қаза тапқан әжейдің видеосы пайда болған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: