Сәрсенбі, 13 қараша, 14:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Жайықтағы су тасқыны: 1400-ге жуық адам эвакуацияланды

22.04.2024

659 0

Сурет:Stan.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі мен жұмылдырылған күштер Батыс Қазақстан облысындағы су басқан саяжай учаскелерінен алдын ала 1376 адамды эвакуациялап, уақытша орналастыру пункттеріне жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Уақытша орналастыру пункттерінде барлығы 1497 адам бар. Қалған азаматтар туыстарының үйлеріне орналастырылды.

“Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай алаптарының аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Әуеде тікұшақ жұмыс істеуде. Осы сағатқа дейін 100-ден астам үй жануары эвакуацияланды. Жұмыс жалғасуда”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының эвакуациялық пункттерінде 2 300 адам, оның ішінде 985 бала бар. 4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Бұған дейін Жайық өзенінен тасыған су Орал маңындағы саяжайларды басып қалғанын хабарлаған едік. 

БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына келгені айтылады. Адамдар алдын ала эвакуацияланған. 

“Алайда, жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда”, – деп қосты ТЖМ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: