Жұма, 17 мамыр, 19:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Жамбыл облысын су басу қаупі бар

29.04.2024

379 0

Сурет:видео скрин

Жамбыл облысында толассыз жаңбыр жауып жатқанына бірнеше күн болды. Үш өзенде су тасуынан 42 ауылды су басуы мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Егер Шу, Талас және ата өзендеріндегі су деңгейі кенеттен көтерілсе, Жамбыл облысындағы 42 ауылды су басуы мүмкін. Кейінгі бірнеше күн бойында аймақта жаңбыр басылмайды. Телеарна хабарына сенсек, мамандарды Аса өзеніндегі су деңгейі алаңдатып отыр, жергілікті су қоймасынан су төгіліп жатыр, ол қазірдің өзінде 97 пайызға толған. Жақын ауылдарда жағалаулар нығайтыла бастады. Жағдай бақылауда, дейді құтқарушылар. «Бүгінгі таңда жеке аула аумақтарын, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ. Егістіктерді суару басталған кезде елді мекендерді су басу қаупі тиісінше төмендейді», – дейді ТЖ департаменті басқарма бастығының міндетін атқарушы Дархан Жапаров. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2093297-zhambyl-oblysynda-42-auyldy-su-basuy-mumkin/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: