Сенбі, 18 мамыр, 07:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Жаңа кодекс – халық өтінішін орындаудың тиімді жолы

19.05.2021

1850 0

ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова Сыр өңіріне іс-сапар барысында Достық үйіне келіп, мазмұнды жиын өткізді. Жиынға жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың – Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, Юстиция министрліктерінің, Бас прокуратураның және басқа да мекемелердің өкілдері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен БАҚ өкілдері  қатысты.

Жиында Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдар жұмысының жаңа жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтты.

Енді «е-Өтініш» біртұтас ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруші дәлелдер келтіру және оларды зерделеуге қатысу және түсініктеме беру, қажетті құжаттарды ұсыну құқығына ие болады. Сондай-ақ, мемлекеттік органнан алған жауабына қанағаттанбаса, оның жоғары сатыда тұрған органға шағым келтіруге және талап арызбен сотқа беруге құқығы бар.

Сынықты сылтау қылып, болмашы себептермен талап арыздарды кері қайтару тәжірибесін тоқтату үшін, сот өтініш берушілерге талап арызды дұрыс жазуға көмектесетін болады.

Судья «белсенді» және «сөйлеуші» болады, арызданушыға мүддесін қорғауда көмектеседі. Бұндай өзгеріс Латвия, Грузия, Молдова, Әзірбайжан және басқа елдерде сәтті іске асырылуда.

Жаңа Кодекс қандай өзгерістер әкеледі?

  1. Өтініштермен жұмыстың идеологиясы өзгереді.
  2. Іс жүзінде азаматтардың кез-келген өтініші, оның құқықтарын жүзеге асыруға байланысты сот талқылауының мәні болуы мүмкін.
  3. Жаңа Кодекс дәлелдемелерді жинау бойынша міндеттерді жауапкер органға толық жүктейді.
  4. Жаңа әкімшілік соттар құрылуда және сот органдарының рөлі түбегейлі өзгеруде.

1-ші шілдеден бастап кезең-кезеңмен «е–Өтініш»-ке өту басталады.  Азаматтардың өтініштері мемлекеттік органдарға біртұтас ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады.

Арызданушы өз өтінішінің қаралу барысын көріп отырады. Қарау мерзімі 30-дан 15 күнге қысқартылады. Қазіргі таңда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 100% ақпараттық жүйеге қосылған, ел көлемінде пилоттық қолдану басталды. Ендігі кезекте халықпен жұмыс істеу жергілікті билік органдарына тікелей байланысты болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: