Жексенбі, 06 қазан, 23:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Жас қыз жауапсыз махаббаты үшін 9 қабаттан секірмек болған

16.03.2024

569 0

Сурет:tengrinews

Балқашта өзіне қол салмақ болған қыздың өміріне полицейлер араша түсті. Сүйгенімен сөзге келген ол тоғызыншы қабаттан секіріп өлмек болған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Тәртіп сақшылары тоғыз қабатты үйдің үстіне көтерілген бетте шатырдың жиегінде отырған адамды өздеріне қарай жұлқып тартып алды.

Секіріп кеткелі тұрған 21 жастағы қыз жауапсыз махаббаты туралы айтыпты.

Оның сөзінше, сүйіктісімен сөзге келіп қалып, өмірден баз кешпек болыпты. Жігіті үш күннен бері қоңырау шалмай қойған соң, өмірімен қош айтқысы келген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: