Жұма, 29 наурыз, 14:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Жастар – Отанға!» бағдарламасы аясында жол картасы бекітілді

05.06.2021

1230 0

Елімізде 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы аясында жол картасы бекітілді. Бұл туралы «Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы «ел мен ұлттың болашағы жастарға тікелей байланысты» екендігін үнемі айтып келеді. Дәл осыған орай «Nur Otan» партиясы еліміздің жас буынына ерекше назар аударады. Партия құрылғаннан кейінгі алғашқы жылы-ақ «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастырылды. Қазір ол 20 жылдық тарихындағы еліміздегі ең ірі жастар ұйымы саналады. Бүгінде «Jas Otan» қатарындағы жас патриоттардың саны 100 мыңнан асып жығылады. Қазақстанның барлық 17 өңірінде филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істейді», – деді ол.

Бауыржан Байбек осыдан бір апта бұрын партияның Саяси кеңесі бюросы 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасын бекіткендігін атап өтті.

«Дәл осындай жол карталарын «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалдарының бюролары да бекітті.

Онда азаматтық белсенділік, сапалы білім, еңбекпен қамту, жас отбасыларды қолдау және баспанамен қамту, тұлғалық даму мен бос уақытты ұйымдастыру мәселелеріне қатысты 5 негізгі бағыт қамтылған. Яғни, қазіргі жастарды толғандыратын мәселелердің бәрі қарастырылған. Бүгінде еліміздің барлық өңіріндегі жергілікті өкілдік органдарда отырған 616 жас депутатымыз бұл мәселелерді бақылауда ұстап, халықпен жұмыс істеу арқылы белгіленген жоспарға қол жеткізеді деп үміттеміз», – деді Бауыржан Байбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: