Бейсенбі, 18 шiлде, 12:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысы өтті

12.06.2024

217 0

Бүгін қала әкімінің аппарат басшысы Мұрат Тасқараевтың төрағалық етуімен қала әкімі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

Жалпы білім беру мекемелерінде атқарылған жұмыстар және балалардың жазғы каникул уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы білім бөлімінің басшысы Жанат Сәдуақасова хабарлама жасады. Баяндамасында балалардың демалыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру бағытында атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

Екінші мәселе бойынша қала көлеміндегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев баяндама жасады. І жартыжылдық қорытындысымен атқарылған жұмыстар мен «Жастар ресурстық орталығының» қызметі туралы ақпарат берілді.

Үшінші және төртінші мәселелер бойынша ауыл және кент жастарының әлеуетін көтеру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында атқарылған жұмыстар туралы тыңдалды. Аталмыш тақырып бойынша Белкөл кенті әкімі Жасұлан Сәду және Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі Еркін Ахетов хабарлама жасады. Ауыл және кент жастарының әлеуетін көтеру бойынша жасалған жұмыстармен қоса жаңа тапсырмалар жүктелді.

Жиын барысында құқықбұзушылық, жастарды жұмысқа орналастыру және мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыру, спорттық және шығармашылық жұмыстарға бейімдеу сұрақтары да қаралды. Арнайы хаттамалық міндеттемелер жүктелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: