Сенбі, 27 шiлде, 04:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Жастар Ұлы Отан соғысы ардагері Сәрсенбек Байжановты мерекемен құттықтады

11.05.2021

1889 0

Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының жастары мен Қызылорда облысының жастар Одақтары қоғамдық бірлестігі Керделі ауылдық округінің қарт майдангері Ұлы Отан соғысының ардагері Байжанов Сарсенбек  атаның  шаңырағында болып, соғыс ардагерін мерекесімен құттықтап сый-сияпат көрсетті.

Байжанов Сәрсенбек 1923 жылы 1 мамырда Шиелі ауданы, Үлгілі елді мекенінде дүниеге келген.1942-1944 жылдары аралығында Сталинградтың Солтүстік батысындағы «Магеллан» жеріндегі шайқасқа қатысқан. Ардагер атамыз Германияны жеңгені үшін медалімен, Ұлы Отан соғысы орденімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен және Георгий Жуков медалімен марапатталған.

Қарт майдангердің соғыстағы ерліктері мен бейбіт жылдардағы еңбектері, сондай-ақ,  ел Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі шын мәнінде елге – мұра, ұрпаққа – өнеге.Ардагеріміз жастарға ризашылығын айтып, ынтымағы жарасқан елдің алар асуы мол екендігіне сенім білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: