Сенбі, 20 сәуiр, 05:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Жаза өтеу тәртібін бұзған сотталған түзеу мекемесіне жолданды

16.02.2023

515 0

Байқоңыр қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылаудағы үш сотталған жаза өтеу тәртібін орындамағаны үшін шектеу жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.

Мәселен, Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Қызылорда қаласының №2 сотының 2022 жылғы 29 қыркүйек күнгі үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық), 58-бабының 2, 6-бөліктері (Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау) бойынша түпкілікті 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген К. есімді сотталған жаза өтеу тәртібін бұзуға жол берген.

Жаза өтеу әртібін бұзушылық деп – сотталғанның пробация қызметіне хабарламай әкімшілік аумақтан шығуы, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін және тіркелуге бірнеше рет келмеуі, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы танылады.

К. есімді сотталған 2022 жылдың қазан айының 31 күні Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебіне алынғаннан кейін, 2022 жылдың қараша айында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде (Ұрлық) көзделген қылмысты жасауға жол беріп, салдарынан К. есімді сотталған жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі (Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) бойынша қылмыстық жауаптылықтан босталыған.

Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның қайталап қылмыс жасап, ол бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылуы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.

Аталған ұсынымды ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотымен негізінен қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын ауыстыру туралы қорытынды берілді.

Осы орайда, К. есімді сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген. Қаулы заңды күшіне 13 ақпан күні енді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: