Дүйсенбі, 17 маусым, 01:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

24.05.2024

253 0

Сурет:orda.kz

Әлеуметтік желіде Мұнайлы ауданына қарасты «Адай» базасы аумағында жолаушы такси жүргізушісін өлтіргені туралы ақпарат тарады, – Бұл туралы mangystaumedia.kz хабарлайды

Оқиға кеше түнде болған. Такси жолаушыны алып кетуге барғанда сөзі жараспай төбелес басталып кеткен. Ақырында жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп, үйіне кетіп қалған. Жолаушы да пышақтан жарақат алған. Артынша облыстық ауруханаға түскен.

Ал облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі кеше 1979 жылы туған науқас іш қуысының пышақ жарақатымен түскенін мәлімдеді.

«Сынама алынып, кеше түнде 22:20-да ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз хатшысы.

Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: