Жексенбі, 05 мамыр, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жүргізушілерді даярлайтын оқу ұйымының куәлігі талап етілмек

22.04.2024

63 0

2016 жылдан бастап жүргізуші куәлігін арнайы автомектептерде оқымай дайындалып, кез-келген санатты алуға мүмкіндік берілген болатын. Одан соң 2019 жылы жүргізуші куәлігін алудың тәртібі қатаңдатылды. Басты себеп – көше-жол тораптарындағы апаттылықтын алдын алу, адам өмірін сақтау. Биыл да куәлік алып, көлік тізгіндеймін деген жандар үшін тәртіп күшейтілді. Куәлік алу процесінің қаншалықты өзгергенін Қызылорда облысының полиция департаменті, Әкімшілік полиция басқармасы процессингтік орталығының бастығы полиция подполковнигі Нұркен Бақтияров Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндап берді.

– 2016 жылдан бері жүргізушілерді даярлау курсынан өткен оқу ұйымы берген куәлік талап етілмейтін еді. Енді аталған куәлік талап етілетін болады және автомектептердің ақпараттық жүйелерінен курстың басталған уақыты мен аяқталу уақыттары ІІМ-мен қосымша тексеріліп отырады. Облысымызда барлығы 32 автомектеп болса, олардың 17-сі Қызылорда қаласында, 15-сі аудандарда. Аталған автомектептермен жүргізушілерге қаншалықты білім беру деңгейлері анықталып, қадағаланады,- деді Нұркен Прәліұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: