Жұма, 26 маусым, 15:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Жұмыссыз азаматтарға 6 айға дейін тегін кәсіптік оқу ұсынылады

26.06.2026

25 0

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі

Жұмыссыз азаматтар жаңа мамандықты тегін меңгеріп, мемлекеттен қаржылай қолдау ала алады. Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырып жатқан қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысу жеткілікті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

Министрлігі жұмыссыз азаматтарға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасын іске асырып отыр. Оқу мерзімі — 6 айға дейін.

Бағдарлама қатысушыларына келесідей мемлекеттік қолдау көрсетіледі:

  • шәкіртақы (43 574 теңге); 
  • жол жүру (17 300 теңге) және тұру (64 875 теңгеге дейін) шығындары;
  • медициналық тексеруден өту ақысы.

Сондай-ақ, оқуды жұмыс берушіде тікелей өндірістік ортада өтуге болады (айына 86 500 теңге жалақы қарастырылған). Сонымен қатар, Skills.enbek.kz порталы арқылы онлайн біліктілікті арттыруға мүмкіндік бар — жыл басынан бері 37 мыңнан астам адам осы платформа арқылы оқыды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: