Сенбі, 27 сәуiр, 15:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Жұмыссыздарға ай сайын 224 000 теңге жәрдемақы төленбек

14.09.2023

565 0

Жұмыссыз қалған әрбір азамат әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы. Жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар керек, қандай жағдайда беріледі? Бұл туралы  Massaget.kz хабарлайды.

Жәрдемақыны міндетті сақтандыру жүйесі бар кез келген азамат ала алады. 

«Жұмыссыз қалған азамат қызметінен айырылған жағдайда міндетті сақтандыру жүйесі қорынан тағайындалатын жәрдемақысын талап етуге міндетті. Ал әлеуметтік аударым жасамаған қызметкер жәрдемақы ала алмайды», – деді ХҚКО қызметкері. 

Ол үшін алдымен жұмыссыз ретінде тіркелу керек.

«Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталығына немесе электронды еңбек биржасының сайтынан онлайн рәсімдеуге болады. Бұл үшін жеке куәлік пен өтініш жазу керек. Ал егер жалған мәліметтер берген жағдайда жәрдемақы берілмейді.  Жалпы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап жәрдемақы тағайындалады», – деді ол.

Мерзімі мен мөлшері қалай есептеледі?

Жәрдемақының мерзімі жұмыссыз азаматтың еңбек өтілімен және әлеуметтік аударым жүргізілуімен тікелей байланысты болады.

«Мәселен, 6-12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар түсіп отырса, бір ай тағайындалады. Әрі қарай солай есептеле береді. Ал мөлшеріне бірнеше факторлар әсер етеді. Атап айтсақ, әлеуметтік сақтандыру қорына жасалған мөлшері мен табысы және еңбек өтілі. Есептеудің арнайы формуласы бар, тағайындалатын кезде нақты мөлшерін сұрауға болады.  Мысалы, жұмыссыз қалған адамның жалақысы – 150 мың теңге. Жалпы, жәрдемақыны есептеу үшін алынатын соңғы екі жылдағы орташа табыс мөлшер ең төменгі жалақы көлемінен аспауы тиіс. Жәрдемақы мөлшері есептеу формуласына сәйкес әр азаматқа есептеліп, 35 000 теңгеден басталып, 224 000 теңгеге дейін төленеді. Сақтандыру қорына 10 жыл бойы төлем жасалған дейік. Онда оған жұмыссыз адам ретінде ай сайын 66 000 теңге беріліп отырады. Бірақ атқарушылық іс жүргізу бойынша мемлекет жәрдемақыдан тиісті мөлшерді ұстап қалуға құқығы бар», – деді Арай Әбілбекова.

Оның айтуынша, жұмыссыз азамат қоғамдық жұмысқа тартылса да, жәрдемақы сақталады. Сондай-ақ, уақытша жұмыс, кәсіпке байланыс оқуға жіберілу себептеріне байланысты жәрдемақы жалғаса береді. 

Қандай жағдайда тоқтатылады?

Жәрдемақы түрлі себептерге байланысты уақытша тоқтатылады.

«Мәселен, жұмыссыз ретінде тіркелген азамат республикадан кетсе, ҚР азаматтығынан шықса, қылмыстық іс бойынша сотталған жазасын өтеуші болса, жәрдемақы уақытша тоқтатылады. Ал егер жұмыссыздық тізімінен шықса, зейнеткерлік жасқа толса және алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы беру толық тоқтатылады», – деді Арай Әбілбекова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: