Жексенбі, 06 қазан, 02:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

7 жыл көлік жүргізе алмайды

13.01.2021

1112 0

    Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен бағыт аралау барысында 10 қаңтар күні Қызылорда қаласы, көшелерінің бірінде  «BMW 520» автокөлігі тоқтатылды. 
   Құжаттарын тексеру барысында 23-жастағы жүргізушінің  автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Жүргізушіге жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.
    Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: