Бейсенбі, 28 наурыз, 15:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

880 мың теңге қолды болған ұрлықты полицейлер дер кезінде ашты

11.08.2021

637 0

Тамыз айының 5 жұлдызында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған болатын. Оның айтуынша қала орталығындағы көшелердің бірінде белгісіз біреу такси автокөлігін тоқтатып, белгіленген жерге апарып тастауын сұраған. Нәтижесінде, жолаушы такси жүргізушісінің автокөлігінде тұрған 800 мың теңге ақшасын жәнеде «Самсунг» маркалы ұялы телефонын қолды еткен.

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Көрген-білгендерден жауап алынып, бейнебақылау камералары тексерілді. Нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.

Ол 26 жас шамасындағы күдікті азаматша. Таксиге мінген жолаушы 880 мың теңге шығын келтірген.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: