Сенбі, 27 сәуiр, 07:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Апостиль деген не?

15.09.2021

1485 0

Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. «Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады. Апостиль, шет мемлекеттік құжаттарға, басқа мемлекеттік органдарға оларды ұсынғанда заңды күшін береді. Натариалды расталған құжаттың көшірмесінде немесе түпнұсқасында мөртабан қою арқылы жасалады. Апостильді растау, құжат берілген мемлекетте ғана рәсімделеді.

Апостиль мөртабанын қою рәсімі құжат жіберілетін ел консулдық заңдастыру талабын жойған және заңдастырудың қарапайым рәсімі – апостильдеуді енгізген 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының қатысушысы болған жағдайда ғана қолданылады. Егер, Сіз құжат дайындап жатқан ел конвенция қатысушысы болмаса, консулдық заңдастыру қажет болады.

Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.

Егер құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қаже болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгілісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.

Заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында (жуырда Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының құрамына кірді), бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.

Апостиль қойылған құжат Гаага конвенциясының кез келген қатысушы елінде пайдалануы мүмкін.

Сондай-ақ, сот шешімдерін орындау әрі сот тапсырмаларын басқа елге жолдау кезінде, сол елмен Қазақстан арасында ешқандай келісім болмаса, ол ел Гаага конвенциясының қатысушысы болмаған жағдайда соттың құжаттарына апостиль қойылуы қажет.

О.Сейсентаев

Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: