Конституция

Жұма, 03 шiлде, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

Киелі мұрадағы мәңгілік сарын

03.07.2026

43 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Төл өнерін төрге оздырған халықтың рухани қазынасы ортаймайды. Құндылықтың қадір-қасиетін түсінетін ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі ұлттық домбыра күні қарсаңында барша қазақстандықты құттықтауды құп көрді. Яғни, режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы, әділет сержанты Ақниет Қалмұратов ізгі тілегін білдіріп, домбыраның қоңыр сазын төгілте шертіп, әуелете ән орындады.

– Күмбірлеген күй арқылы бабаларымыздың асқақ арманы, азаттыққа деген аңсары мен өмірлік өнегесі бүгінгі күнге жетті. Сондықтан, домбыраның қоңыр үні әр қазақтың жүрегіне жақын деп ойлаймын. Біз де қызметімізді абыроймен атқара жүріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосуды азаматтық парызымыз деп білеміз, – дейді әділет сержанты А.Қалмұратов.

Иә, саф өнердің сәулесі мен дала сазының сарқылмас сазы домбырада тоғысқан.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: