Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азамат жеке кәсібін ашты

17.09.2021

474 0

Қазіргі таңда пробация есебіндегі сотталғандар арасында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың арқасында ойындағы ісін бастағандардың қатары көп. Атап айтар болсақ, жуырда пробация есебіне алынған Бекбол есімді азамат өз кәсібін ашты. Бекбол мамыр айында » Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын оқып, бизнес жоспар құрып, 583 мың теңге көлемінде мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, қазіргі таңда мал басын көбейіп жатыр.

Қалалық пробация қызметінің бастығы Бақыт Наурызбаевтың айтуынша «Атамекен» ҚР ҰКП-ның » Бастау Бизнес» жобасы бойынша жыл басынан бастап, пробация есебінде тұрған 18 сотталғанды кәсіпкерлік негіздерінде білімін жетілдіруге арналған тегін оқу курстарына жолдаған. Оның ішінде жеті азаматтың бизнес жоспары қолдау тауып, мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, біреуі оқу орталығын , тігін цехын ашса, енді бірі мал шаруашылығын ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Бұл пробация инспекторлары мен мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі.

«Білместікпен, жастықпен жаза бастым.Жазамды өтей жүріп, жеке кәсіпке де бет бұрдым. Пробация қызметкерлері тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілсе, мемлекет көмегімен кәсібімді ашсам деген мақсат болды. Жеке кәсіп ашу үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алдым. Алған қаражатыма 3бас мүйізді ірі қара алдым. Енді мал басын көбейтіп, мал бордақылау цехын ашсам деген арманым бар»,- деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: